Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

987

Карантиндік шараларды жеңілдету "сары" немесе "жасыл" аймаққа көшкеннен кейін 2 аптадан ерте жүргізілмейді 

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш құжатта білім беру (оқу) орталықтарының өңірдің жоғары (қызыл) және орташа (сары) қауіпті аймақта болған кезеңінде топта 15 адамнан аспайтын, төмен (жасыл) аймақта әр адамға 4 шаршы метр есебінен, білім алушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау шартымен оқу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігі айтылған.

"Бұл ретте күшейтілген карантин талаптары қабылданғаннан кейін кемінде 14 күн сақталады",-делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу