Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында қостанайлық тұрғынның көлігін тексеру кезінде 100 келіден асатын кептірілген марихуана табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Қарасора 2022" жедел алдын алу шарасы аясында күдіктілерді ұстау операциясы туралы толығырақ бөлімше бастығы Асылбек Әлмағамбетов хабарлады.
"Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде аталған есірткінің ірі партиясы облысқа еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілгені анықталды. Есірткі облыс аумағында тарату мақсатында жеткізілген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және ірі және аса ірі көлемде өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – дейді Асылбек Әлмағамбетов.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.
Жыл басынан бері Қостанай полицейлерімен заңсыз айналымнан 170 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.