ШҚО-да жол-патрульдік полиция қызметкерлері 20 марал мүйізін тиеп алып бара жатқан жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды altaynews.kz.
Тәртіп сақшылары Зайсан қаласының маңындағы тасжолдың бірінде Toyota Сamry автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салоны мен жүк салғышынан 20-дан астам марал мүйізі табылды. 28 жастағы жүргізуші жүкті қайдан әкеле жатқанын айта алмаған. Сондай-ақ тиісті құжаттары да жоқ болып шықты.
Марал мүйізін заңсыз тасымалдаған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 389 бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылды.
Іс құзырлы органдарға табысталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу