"Көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұраймыз"

941

Қазгидромет мекемесінің алдын ала жіберілген дауылды ескертуінің негізінде Алматы қаласы ТЖД мен қала қызметтерінің күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне келтірілді.  

"Көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұраймыз"

29 наурызда сағат 16-дан бастап метеорологиялық құбылыстар, атап айтқанда қатты жел мен қарқынды жаңбыр салдарынан "112" желісіне ағаштардың құлауы, оның ішінде ғимараттардың шатырларының бұзылуы бойынша 34 хабарлама және жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басуының екі жағдайы бойынша 34 хабарламалар келіп түсті.

Жедел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша 2 ересек ер адам жеңіл жарақатын алды. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жауын шашын түнгі 3-ке дейін жалғасады.

Осыған байланысты қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұраймыз

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу