Көлікті екі шөлмек сыра ішіп жүргізгендер бірден куәлігінен айырылады

1459

Көлікті екі шөлмек сыра ішіп жүргізгендер бірден куәлігінен айырылады

Енді екі шөлмек сыра ішіп, көлік жүргізгендер бірден куәлігінен айырылады, деп хабарлайды ktk.kz. 

Денсаулық сақтау министрлігі мастық деңгейін төртке бөліп отыр. Егер алкотестер жүргізушінің қанының құрамында 0,5-тен 1,5 промиллге дейін спирт барын көрсетсе, ол жеңіл-желпі мас деген сөз. 0,5 промилле деген жарты литрлік екі бөтелке сыра немесе 200 грамм арақ. Ал 1,5-тен 2,5 промиллеге дейінгі орташа, 2,5-нан 3 промиллеге дейін жоғары, 3-тен 5 промиллеге дейінгі ауыр деңгейдегі мастық болып саналады. Соңғысынан адам өліп те кетуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі мастық деңгейін белгілеу тәртібін өзгертуге мәжбүр болыпты. Өйткені, соңғы кезде араққа әуес көлік жүргізушілеріне қатысты даулы істер көбейіп кеткен. 

 "0,3 дейінгі промилге - ағзадағы биологиялық эндогенді спирт болып есептеледі. Яғни, адам мас емес немесе квас ішті деген сөз. Ал 0,5 промилл болса, ол  ащы судан ұрыттағаны. Жаңа тәртіп бойынша, полицей хаттама толтырылған уақыттан немесе көлік апаты болған сәттен бастап есептеледі. Себебі, мастықтың деңгейін екі сағаттың ішінде анықтау керек", - Алматы қаласындағы Республикалық психиатрия, психатерапия және наркологиялық  ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Бақытжан Нұрәлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу