Ондағы видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, шулы оқиғаға ұласты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме беріп өтті.
– Ол көлікті мас күйде жүргізген болуы мүмкін. Ал әріптестерінің "көлікті кім жүргізді?" деген сұрағына "қарындасым" деп жауап берген, – делінген жазбада.
Әлеуметтік желіде артынша ер адамның оқиғадан кейін бірден еңбекке жарамсыздық парағын алғаны да айтылды.
Жамбыл облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
– Аталған құқықбұзушылықты жасаған тұлға теріс себептер бойынша ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылады. Полиция департаменті заң мен қызметтік тәртіптің кез келген бұзылуына қатысты қатаң әрі принципті ұстанымда, кінәлі тұлғалар лауазымына, шеніне және қызметтік жағдайына қарамастан жауапкершіліктен жалтара алмайды, – делінген полиция таратқан ақпаратта.