Көлікті құжатсыз басқарған жасөспірім ұсталды

193

11 наурызда түнгі уақытта Астана қаласының Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдік тудырған Audi маркалы автокөлігін тоқтатты.  

Көлікті құжатсыз басқарған жасөспірім ұсталды Фото: freepik.com

Тексеру барысында көлікті басқарған жүргізушінің 17 жаста екені және өзімен бірге ешқандай құжаттары болмағаны анықталды. Сонымен қатар, аталған автокөлік оның әкесіне тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заңбұзушылыққа байланысты жасөспірімге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптары бойынша шара қолданылды. Сонымен қатар, басқару құқығы жоқ адамға көлік құралын пайдалануға рұқсат бергені үшін көлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған коммуналдық тұраққа қойылды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызды екенін еске салады.

"Жасөспірімдерге көлік құралын басқаруға рұқсат беру олардың өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіретінін ескертеміз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу