Көлікті мас күйде басқарған 181 жүргізуші анықталды

915

Қызылордада жыл басынан бері көлікті мас күйде басқарған 181 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Көлікті мас күйде басқарған 181 жүргізуші анықталды

Заң бұзған 173 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) хаттама толтырылды. Бұл бапта мас халде автокөлік басқарғаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген.

Көлік басқару құқығы жоқ көлік жүргізушісі, автокөлікке қайтадан масаң күйде отырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сегіз азамат Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу