Карталар 20 қарашадан бастап қайта сатылымға шығады, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты.
"16 қарашадан 19 қарашаға дейін RTVM автоматтарында көлік карталарын сату тоқтатылады. Бұл аралықта көлік карталарын www.alrt.kz сайтында көрсетілген мекен-жайлар бойынша орналасқан кассалардан сатып алуға болады", – дейді Astana LRT.
Сондай-ақ, компания қалалық қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу үшін RTVM терминалдарынан құны 1000 теңге тұратын қағаз көлік картасын сатып алуға кеңес береді.
"Терминалдарда көлік карталарын сату 20 қарашадан бастап қолжетімді болады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу