Қазіргі уақытта жедел уәкілдер Түркістан облысының 32 жастағы тумасы мен оның сыбайласы 40 жастағы азаматтың есебінде көлік ұрлаудың төрт дерегі бар екендігін анықтады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
– Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын біздің бөлімше қызметкерлері Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізді. Қаланың Медеу ауданында қаскөйлер төрт көлікті ұрлап кеткендігі анықталды. Қазірдің өзінде үш көлік табылып, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Төртінші көлік Toyota Vista әлі табылған жоқ. Ұсталғандардың бірі ұрланған көліктегі аккумуляторды металл қабылдау орнына тапсырып жатқан видеоны тәркіледік, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Полицейлер ұсталғандардың қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
Фото: polisia.kz