"Көліктің алдына жүгіріп шығады": Желіде балалар арасында қауіпті ойын тарағаны айтылуда

1606

Бұл жайлы танымал психолог Анна Құдиярова желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көліктің алдына жүгіріп шығады": Желіде балалар арасында қауіпті ойын тарағаны айтылуда Фото: Бейнежазбадан

Қостанай облысының Полиция департаменті​ бейнежазба астында жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Бейнежазбадағы жол-көлік оқиғасы 8 қазанда Рудный қаласында болған. "Daewoo Nexia" маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен. Осы оқиға бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады", – делінген хабарламада.

Полиция департаменті жалған мәлімет тартқандарға жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу