Көлігі бар қазақстандықтарға тағы бір сүйінші хабар

10844

Көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін.

Көлігі бар қазақстандықтарға тағы бір сүйінші хабар Фото: колеса

Елімізде көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, әлі нақты шешім қабылданбаған. Алайда ведомство аталған мәселені қарастырып жатыр. 

"Тонировкаға рұқсат беру мәселесі бұрыннан бері көтеріліп келеді. Қазір ІІМ оған салынған тыйым тарихын зерттеп жатыр. Мәселені депутаттар да көтерген", – деді ол.

Қожаев кеден одағының регламентінде тоноровка мәселесі жазылғанын, оған шектеу жүргізуші, жолаушыны тануға кедергі келтіргені үшін қойылғанын айтады. 

"Бұл қаншалықты мүмкін? Әлде қаншалықты зиян? Зерттеліп жатыр. Жақын арада біз сарапшылық қорытындымызды береміз", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу