Көліктің ескісі де, жаңасы да қымбаттап жатыр

942

Өңірлер арасында әсіресе БҚО-да баға көтерілген.

Көліктің ескісі де, жаңасы да қымбаттап жатыр

Жеңіл көліктер өндіру рейтингісінде еліміз 39 мемлекеттің ішінде 35-орынды иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 17,6 мың жеңіл көлік шығарылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артық. Рейтингтегі елдерде 14,7 млн машина өндірілген, бір жылда плюс 15,9%.

Көлік өндіруші мемлекеттердің үздік үштігіне Қытай (5 млн автомобиль), Жапония (1,9 млн автомобиль) және Үндістан (1,1 млн автомобиль) енді. 

ТМД елдері арасында Ресей (рейтингте 9-орын, 365,2 мың автомобиль, бір жылда плюс 13,1%) және Өзбекстан (29-орын, 44,5 мың автомобиль, бір жылда минус 41,2%) көшбасында тұр. 

Қазақстанмен салыстырғанда Беларусь (5,3 мың көлік), Украина (1,7 мың көлік) және Әзербайжандағы (408 көлік) көрсеткіш төмен.

2021 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 47,5 мың жеңіл жолаушылар көлігі шығарылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,9%-ға артық. Оның ішінде цилиндрінің көлемі 1500 текше см-ден асатын іштен жану қозғалтқышы бар 45,3 мың көлік, цилиндр көлемі 1500 текше см-ден аспайтын 2,1 мың көлік және 83 арнайы жеңіл көлік бар.

Қостанай облысында 30,8 мың автомобиль, Алматыда 16,8 мың автомобиль шығарылған.

2020 жылы елімізде 65,1 мың көлік өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,6%-ға артық.

Биыл қаңтар-шілдеде отандық өндіріс 26,6%-ға өсіп, 40,7 мың автомобиль шығарылды. Осыған қарамастан жергілікті компаниялар жеңіл жолаушылар автомобильдеріне сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 46,3% қамтамасыз еткен. Өткен жылғы көрсеткіш – 60,2%. 

Импорт үлесінде ресурстардың 53,7%-ы немесе 47,3 мың көлік, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық.

Ішкі нарықта жыл басынан бері 83,5 мың жеңіл көлік сатылды, бір жылда плюс 65,6%.

2021 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша жаңа жеңіл автомобильдердің құны жылдық динамикада 10%, пайдаланылған автомобильдердің құны 9,9%-ға өскен. 

Жаңа көліктер Қостанай облысында 13,8%, Ақтөбе облысында 13,1% және Батыс Қазақстан облысында 12,9%-ға қымбаттаған.

Пайдаланылған көліктердің бағасы Батыс Қазақстан (бір жылда 24,5%), Атырау (12,6%) және Алматы (12,5%) облыстарында айтарлықтай көтерілген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу