Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 208 шақырымында жол бойындағы металл қоршауына соқтығысқан Toyota Camry автокөлігінің қатысуымен болды.
Оқиға орнында 73 жастағы жолаушы әйел көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжануда.
Құрметті жүргізушілер, сіз өзіңіз үшін ғана емес, жолаушылардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу