Колледж оқытушысының бұрын педофильдік қылмысы үшін сотталғандығы анықталды

841

Сондай-ақ, психиатриялық диспансерде есепте тұрған оқытушы жұмыс істеп келген.

Колледж оқытушысының бұрын педофильдік қылмысы үшін сотталғандығы анықталды

Қарағанды колледждерінің бірінде бұрын педофильдік қылмысы үшін сотталған адам сабақ берсе, енді бірінде психиатриялық диспансерде есепте тұрған оқытушы жұмыс істеп келген, деп хабарлайды astanatv.kz.

Өрескел заңбұзушылық оқу орындарындағы прокурорлық тексерістен кейін анықталған.  

"Колледждерде психиаторлық есепте тұрған және кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғушылық қылмыс жасаған және сотты болған екі оқытушы жұмыс істеп жүргені анықталды. Оқытушылардың кәсіби тәжірибеден өткізу талаптарын бұзу деректері болған. Тексеруден соң мемлекеттің кірісіне 89 млн теңгеден астам сома өндіріліп, кінәлі 74 тұлға әкімшілік, ал біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - дейді облыстық прокуратураның ресми өкілі Нұрсұлтан Қадырбай.

Дегенмен, қадағалау органы қалада нақты қай орта оқу орындарында заң бұзылғанын тергеу аяқталғанша жарияламаймыз деп отыр. Тек аталған оқытушылардың жұмыстан шеттетіліп, жауап алынып жатқаны ғана белгілі. Прокурорлардың мәліметінше, білім орындарында біраз студент  шәкіртақысынан да заңсыз айырылған. Тіпті, түлектердің жұмысқа орналасқаны туралы жалған ақпарат беріліп келген.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу