Колледж студенттеріне еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылды

487

Қазақстандық колледждер бәсекеге қабілетті маман даярлауда білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқыту мерзімін дербес анықтайды. 

Колледж студенттеріне еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Студенттерге еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру мақсатында басшылар мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысынан 30%-дан 100%-ға дейін материалдық көтермелеу қарастырылған.

Бұдан басқа, осы жылдан бастап 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, өндірістен тартылған педагогтерге аттестациядан өтпей-ақ "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі және еңбекақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жыл өндірістік еңбек өтілі бар педагогтерге еңбекақыға 35%  үстемемен сарапшы біліктілігі беріледі.

Еске салайық,  2023 жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға, 2024 жылы 100%-ға арттырылады.

Екі жыл қатарынан еліміздің колледждерінде жұмысқа алу міндеттемесімен мақсатты тапсырыс бойынша 10 мың студентті қабылдау жүргізілуде. Сондай-ақ колледждердің материалды-техникалық базасын жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда.  

Дуальді оқыту 8 мың кәсіпорынның қатысуымен және 72 мың білім алушыларды қамтумен 558 ұйымда енгізілді. Колледждерге кәсіпорындардың шефтік қамқорлығы аясында 498 кәсіпорын 410 колледжбен меморандумға және келісімдерге қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу