Колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі

431

Колледждерде білім алуға 145 мың грант бөлінді. 

Колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі Фото: freepik

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяды. Материалдық техникалық базаны жаңарту белсенді қарқынмен жүргізіліп келеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің МТБ-сы жақсарды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64 колледжге артық", - деді Ғани Бейсембаев.

Министр биыл 2103 орынға арналған 8 жатақхана салынып жатқанын айтты.

"Павлодар және Түркістан облыстарында 259 орынға арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді. Талдау нәтижелері кейбір өңірлерде студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр. Бұл  Алматы, Астана қалалары және Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу