Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев колледж түлектерінен сұралатын жұмысқа орналасу туралы анықтамаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер спикерден "Жыл сайын колледж түлектеріне жұмысқа орналасқаны туралы анықтаманы әкелу туралы талап қойылады. Бұл не үшін қажет? Түлек жұмысқа орналасты деген статистика үшін керек пе? Бұл талапты министрлік әлде колледж қоя ма?" деп сұрады.
"Жалпы мемлекетке бұл статистика керек болып жатса, мұны әрбір оқу орнын бітірген студенттің салық төлеуіне байланысты анықтауға болады. Егер салық төлесе, онда айлық алып, жұмыс істеп жатқаны белгілі. Бұл әрбір колледждің түлектері қандай деңгейде аяқтап жатқанының бақылап, сол бағытта жұмыс істеуі үшін өзінің әрі қарай жұмысын жандандыруға қажет. Расында, колледж өзі дайындаған студенттердің табысты болуын, оның қайда барып, қандай табысқа жеткендігін бақылауға міндетті ғой", – деді Ғани Бейсембаев.