Колледжде оқитын студенттер SMS арқылы әскерге бару мерзімін кейінге жылжыта алады

706

Колледж студенттері азаматтық борышын өтеу мерзімін SMS-хабарлама арқылы кейінге жылжыта алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Колледжде оқитын студенттер SMS арқылы әскерге бару мерзімін кейінге жылжыта алады Фото: Google

"Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады", - деп хабарлады Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті.

"Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі", – дейді мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу