Колледжде сабақ беретін 5 мыңға жуық оқытушы ірі кәсіпорындарында біліктілігін арттырды

480

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2021 жылы колледж оқытушыларының аудиторияларда емес, салалық кәсіпорындар мен мекемелер базасында жаңа технологияларға оқытудан өтуі үшін келіссөздер жүргізіп, келісімдерге қол жеткізді.  

Колледжде сабақ беретін 5 мыңға жуық оқытушы ірі кәсіпорындарында біліктілігін арттырды Фото: gov.kz

Биыл қазақстандық колледж оқытушылары 1 331 кәсіпорында тәжірибеден өтті, оның ішінде "АрселорМиттал" АҚ, "Алюминий Қазақстан" АҚ, "АгромашХолдинг" АҚ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "ҚазАтомПром" МАЭК, "Астана электротехникалық зауыты" ЖШС бар, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Педагогтер оқытудың бұл форматы жұмыс берушілердің колледж түлектеріне қоятын талаптарымен жақсырақ танысуға және жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде оқыту бағдарламалары мен әдістерін қайта қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

"Мен 11 жылдан бері Көкшетау жоғары техникалық колледжінде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеп, студенттерге жиһаз өндірісі бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізіп келемін. Маған теориясыз нақты практикалық білімі бар курстар ұнады. Жиһаз шығаратын кәсіпорында тәжірибеден өттім. Мазмұн қолжетімді және практикада қолдануға өте пайдалы болды. Биыл колледждер академиялық еркіндікке ие болды. Бұл да үлкен артықшылық, өйткені жұмыс берушілер енді оқу үдерісіне көбірек тартылады", - деп айтты Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледж оқытушысы Хабдулин Орманбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу