Колледждер арасында "ТОП-100 студент" республикалық байқауы басталды

136

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық "ТОП-100 студент" конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.    

Колледждер арасында "ТОП-100 студент" республикалық байқауы басталды Фото: jatk.edu.kz/kz

Байқау үш кезеңнен өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іріктеу кезеңі – әр колледж ішінде өтеді. Өңірлік кезең  әр колледжден бес студент қатысады. Республикалық кезең  шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.

Мақсаты  техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету бағыттары бойынша бағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу