Колледждер үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі өзгертіледі

209

Ол қолданыстағы базалық бөлік пен жаңа ынталандырушы төлемнен құралады.

Колледждер үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі өзгертіледі Фото: canva.com

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен келесі жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Аталған тапсырманы орындау үшін Оқу ағарту министрлігі биылғы жылдың 15 қарашасына дейін Үкіметке Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялаудың кешенді жоспарын әзірлеп, енгізетін болады", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Тамара Дүйсенова жоспарда қарастырылатын негізгі кейбір өзгерістерге тоқталды.

"Біріншіден, осы жылдың соңына дейін өңірлер сұранысына ие кадрларды дайындау мақсатында колледждерді профилизациялау процесі аяқталады. Екіншіден, бұл салада да колледждердегі білім сапасын бағалауды жүргізіп, оларды лигаларға жіктейтін боламыз. Жоғары және орташа лигаларға енгізілген колледждер 100 технологиялық көшбасшы тізімін құрайтын болады. Олар елімізге тартылған шет елдік жоғары оқу орындарымен жұмыс істейтін болады. Үшіншіден, жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі өзгертіледі. Ол қолданыстағы базалық бөлік пен жаңа ынталандырушы төлемнен құралуы керек", - деді ол.

Айтуынша, ынталандырушы төлемдер халықаралық салалық стандарттарды енгізген, түлектердің басым бөлігі сертификатталған және орташа есеппен жоғары мөлшерде еңбекақы алатын колледждерге ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу