Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев колледждердегі жатақхана тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Колледж студенттерін жатақхана орындарымен толық қамтамасыз ету маңызды. Қазіргі таңда колледж студенттері үшін жатақхана тапшылығы 6 мың орыннан жоғары. Ең үлкен тапшылық Алматы және Астана қалаларында және Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Жоспарға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жатақханаға мұқтаж студенттерді жатақхана орындармен толықтай қамтамасыз етуі тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу