Коллекционер қоймасынан 12 миллион доллар тұратын 22 өнер туындысы ұрланды

756

Коллекционер қоймасынан 12 миллион доллар тұратын 22 өнер туындысы ұрланды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында $ 12 миллион тұратын өнер туындылары ұрланды, деп хабарлайды massaget.kz.

Уильям Порди есімді америкалық коллекционер қымбат көркемсурет туындыларын осы күнге дейін Куинс ауданындағы жалдамалы қоймада сақтап келген. Ол аталған жерге соңғы рет 2016 жылдың 25 қазанында барған екен. Осы айдың алғашқы күні Уильям сыйлыққа картина таңдамақ болып қоймаға келген сәтте оның есігі ашық тұрғанын және 22 өнер туындысы ұрланғанын көреді. Олардың қатарында француз импрессионисті Анри де Тулуза-Лотрек пен америкалық суретші Фрэнк Стелланың жұмыстары да бар болып шықты.

62 жасар коллекционер ұрланған нысандардың жалпы құны шамамен 12 миллион доллар екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу