Коллекциялық монеталардың бағасы неге күн сайын өзгеріп тұрады?

687

ҚРҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов Ұлттық банктің алтын мен күмістен жасалатын коллекциялық монеталарының бағасы неден құралатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Коллекциялық монеталардың бағасы неге күн сайын өзгеріп тұрады?

Неге бір монета бір монетадан қымбат болуы мүмкін? Лондон биржасындағы алтын мен күмістің бағасы монетаның құнына қалай әсер етеді?

Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, монетаның бағасы екі құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі: бағалы металдардың құны монетаның бағасына әсер ететін негізгі құрамдас бөлік – орташа есеппен алтын монеталардың 85%, күміс монеталардың 52% дейінгі бағасы бағалы металдың бағасына байланысты қалыптасады. Екіншісі монетаны дайындап, орауға кететін шығындар алтын монета бағасының 15%, күміс монета бағасының 48% құрайды.

"Монеталардың құны күн сайын Лондондағы бағалы металдар нарығы қауымдастығының таңғы фиксингіне (баға белгілеуіне) сәйкес ұлттық валютаның алдыңғы жұмыс күніндегі АҚШ долларының ресми бағамы бойынша теңгемен индекстелетінін атап өткім келеді. Міне, сондықтан да, коллекциялық монеталардың бағасы күн сайын өзгеріп тұрады: бірде қымбаттаса, бірде арзандайды",– дейді ол.

Қажымұратов монеталарды айналымға шығарғандағы Ұлттық банктің мақсаты сатылымынан пайда табу емес екенін атап өткен.

"Коллекциялық монеталарды шығарудағы мақсат – орталық банк еліміздің мәдени және тарихи мұрасын сақтап, оны дамытуға үлес қосып, маңызды жетістіктер мен айрықша оқиғаларға ғасырлық ғұмыр бере отырып ағартушылық мақсатты көздейді",– дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу