Коллектор борышкерді бопсалай алмайды

982

Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды. 

Коллектор борышкерді бопсалай алмайды

Екі оқылымда қаралған құжатқа коллекторлық агенттіктердің кейбір негізсіз әрекеттеріне тосқауыл қою міндеті жүктелген деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қабылданған заң бөтен адамдардың телефонынан борышкерлерге хабарласуға тыйым салады. Бұған қоса коллекторлар борышкермен сөйлескен кезде аудио, бейне жазба жүргізуге міндетті болады. 

Біле жүріңіз, наурыз айында мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу