2023 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 4 193 өтінішін қарады. Бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 15,9%-ға аз.
Өтініштердің 50,0%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 23,0%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,0%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2,0%-ын, өзге ұйымдардың 17,5%-ын, қаржы ұйымының атауын көрсетусіз 1,5%-ды құрады.
Агенттік 2023 жылғы шілдеде 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 5 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 13 хаттама бойынша 4,6 млн теңге жалпы сомаға 13 әкімшілік жаза қолданды.