Коллекторлардың қызметін қадағалау шарасы қатаңдатылады

885

Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олег Смоляков коллекторлардың қызметін реттеу үшін қандай шара қолдану жоспарланып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коллекторлардың қызметін қадағалау шарасы қатаңдатылады

"Қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғауды күшейту үшін биыл біздің агенттік заңнамалық түзету енгізу бастамасын көтерді. Нәтижесінде реттеушілік сипаттағы шара қабылданды. Атап айтар болсақ, биыл мамырда банктік, микроқаржы және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша заң қолданысқа берілді. Жаңа заңда банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы азаматтардың мерзімі өткен берешегін қайтару тәртібі қайта қаралды. Сондай-ақ банктердің барлық ипотекалық қарыз бойынша сыйақысы, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар мен өзге де төлем төлеуді талап етуіне тыйым салу енгізілген", – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.

Олег Смоляковтің сөзінше, коллекторларға да қосымша шектеу енгізілді. 

"Президенттің тапсырмасы бойынша коллекторлық ұйымдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқығын қорғау мақсатында біздің агенттік коллекторлық агенттік қызметкерлеріне қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қарастыру бастамасын көтерді. Бүгінде Бас прокуратураға ұсыныс жасалып, коллектор қызметін реттеуді қатаңдату бойынша қосымша шаралар пысықталып жатыр", – деді агенттік төрағасының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу