Коллекторлық агенттіктің азаматтарға демалыс күндері хабарласуға тыйым салынған

398

Бұл талапты орындамаған коллекторлық агенттіктерге айыппұл салынады. 

Коллекторлық агенттіктің азаматтарға демалыс күндері хабарласуға тыйым салынған Фото: Дзен

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер Мәжіліс кулуарында банктер немесе коллекторлық қызметтер азаматтарға проблемалық несиені өндіріп алу бойынша демалыс күндері неге қоңырау шалады деп сұрады. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл мәселе заңмен реттеледі. 

"Коллекторлық агенттіктердің демалыс күндері хабарласуға құқығы жоқ. Оған тыйым салынған. Сондай-ақ жұмыс күндері күніне үш рет қана хабарласа алады. Оған қоса аудио, видео жазып алуы керек. Егер сізге демалыс күндері осындай қоңырау түсіп жатса, ол мәліметті бізге беруіңіз қажет. Агенттіктің call-орталығына жіберсеңіз, біз оны тексереміз. Коллекторлық агенттікке нақты шаралар қабылдаймыз", - деп нақтылады ол.

Мәдина Әбілқасымова бұл шаралардың қатарында коллекторлық агенттіктердің жұмысын тоқтатуға дейінгі нормалар бар екенін нақтылады. Айтуынша, әуелі айыппұл салынатынын, кейін қызметі тоқтатылатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу