Коллекторлық қызмет туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылды

1066

Коллекторлық қызмет туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылды

Коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау және коллекторлық қызмет туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі. 

Ұлттық Банкте коллекторлық агенттіктердің борышкерлермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша өткен кездесу өтті.

"Ұлттық Банктің, Қазақстан парламенті депутаттарының, жұртшылықтың 2017 жылы атқарған үлкен жұмысының арқасында көптеген қарыз алушылар үшін проблемалық қарыз алушылардың кредитор банктер және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылын регламенттейтін көптен күттірген заң қабылданды. Заңның қолданысқа енген күнінен бастап шамалы ғана уақыт өтті. Коллекторлық агенттіктер өз қызметтерін заңға сәйкестендіруді енді ғана бастады, сол себепті біз коллекторлық агенттіктер, қоғамдық бірлестіктер және Ұлттық банк өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құру ұсынысымен шығып отырмыз. Жұмыс тобының қызметі коллекторлық агенттіктердің қызметін талдауға және коллекторлық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге жұмылдырылатын болады",- деді "Триумф - 5" ҚБ-ның басшысы Қанағат Тәкеева.
Кездесуге қатысушылар қоғамдық бірлестік өкілдерінің бастамасын қолдап, "Ел-бірлігі" ҚБ-ның басшысы Шолпан Ризабекованы жұмыс тобының жетекшісі етіп сайлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу