Коллекторлық қызметке өтіп кеткен несиелер кешірілмейді

2130

Мәжілісте Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бес миллион отандасымыздың несие қарызына қатысты мәлімдеме жасады. 

Коллекторлық қызметке өтіп кеткен несиелер кешірілмейді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда тұрмысы төмен ел тұрғындарының екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарына берешегін кешіру туралы қаулыға қол қойған еді. Бірақ аталған жеңілдік азаматтардың барлығына жаппай көрсетілмейтін болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжілісте Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бес миллион отандасымыздың несие қарызына қатысты мәлімдеме жасады. Төраға кімнің қаржылық ұйымдар алдында берешегі коллекторларға өтіп кетсе, айыппұлы өтелмейтінін айтты.

"Бес миллион кепілсіз қарыз алған адамдарды банктер өздері айдың соңына дейін анықтайды. Бірақ арасында коллекторға кеткендерінің қарызы кешірілмейді. Басқалары, баланста қалғанымен солармен жұмыс істейді", – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Бір қызығы, бір апта бұрын қаржы министрі Әлихан Смайылов Ерболат Досаевтың бұл айтқан сөзіне қарама-қайшы пікір білдірген еді. Үкіметтегі отырыстан кейін министр 5 миллион азаматтың қарызы коллекторлық қызметке өтсе де кешіріледі деген болатын.

"Барлық айтылған әлеуметтік топтарға кіретін отбасылардың тұтыну несиелері бойынша қарызы өтеледі. Олар коллекторға өтіп кеткен бе, жоқ па, ол маңызды емес", – деді ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу