Ұлттық банк 2026 жылдың алғашқы тоқсанынан бастап кәсіпкерлердің шоттан ақша алу ережесін өзгертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа талапқа сай, кәсіпкер банктегі шотынан қаражат алған кезде оның нақты мақсатын көрсетуі керек болады.
Ұлттық банк бұл қадамды жаңа Салық кодексіне сәйкестендіру үшін жасалып отырғанын айтады. Мақсат – қолма-қол ақша алу процесін барынша ашық ету.
Ұлттық регулятордың айтуынша, бұл бизнеске кедергі келтірмейді әрі экономикалық белсенділікке кері әсер етпейді. Дегенмен құжаттың толық нұсқасы әзірге жарияланбаған, порталға тек қысқаша мазмұны ғана шығарылған.
Айта кетсек, 2025 жылдың сәуірінде елде қолма-қол ақша алу көлемі кейінгі сегіз жылдағы ең төменгі деңгейге түскен еді.