Қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2,5 есе ұлғайды

731

Онлайн сауда көрсеткіші 2025 жылдың мақсатты индикаторына жақындады. 

Қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2,5 есе ұлғайды

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді. 

"Карантин кезінде онлайн сауда мен төлем операцияларын жүргізудің өсімі  байқалды. Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2,5 есеге ұлғайып, шамамен 7,5 трлн теңгені құрады. Бұрын қойылған міндет 2025 жылға қарай жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесін 10% дейін жеткізу болды. Алайда карантиннің қазіргі жағдайында біз онлайн сатып алуларда елеулі өсімді байқап отырмыз, ол бізді биылдың өзінде 2025 жылдың мақсатты индикаторына жақындатты", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу