Қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру ұсынысы талқылануда – Ұлттық банк

1387

Осы ретте банк Қаржы министрлігімен арнайы терминалдарды енгізуге қатысты мәселені пысықтауға дайын екенін жариялады.  

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді тексеру ұсынысы талқылануда – Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ҚР Қаржы министрлігінің ел тұрғындарының  қолма-қол ақшасыз төлемдерін тексеруге қатысты ұсынысына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Менің ойымша, Қаржы министрлігі ақша аударымдарына (қолма-қол ақшасыз төлемдер) салық салуды көздеп отырған жоқ, бұл тұрғыда осы төлемдерден салық төленіп жатқанын көргісі келеді. Сондықтан бұл мәселе бойынша Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі тиісті шараларды бірлесе іске асырып жатыр. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің артуы бюджет кірісінің өсуімен қатар жүруі керек", – деді ҰБ төрағасы.

Осы орайда ол бұл үрдіс дұрыс екенін, себебі ақша "көлеңкелі" айналымнан шағарылатынын атап өтті.

"Атап айтқанда, "көлеңкелі" экономиканы азайту бойынша біздің бірлескен жұмысымыз оңтайлы нәтижелермен сүйемелденгенін қалаймыз. Жалпы, бұл тұрғыда Қаржы министрлігі тиісті ұсынысты жасады, сәйкесінше, бұл тақырыпты қазір талқылап жатырмыз. Осы талқылауға банктік қоғамдастық та қатысып жатыр", – деді Ерболат Досаев.

ҰБ басшысы бүгінде еліміздегі банктердің бірі жүйе ішіндегі төлемдер бойынша ең озық қадамдарды енгізіп жатқанын атап өтті.

Осы ретте банк Қаржы министрлігімен арнайы терминалдарды енгізуге қатысты мәселені пысықтауға дайын екенін жариялады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу