Қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

375

Өтінім қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады.  

Қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі Фото: e-history.kz

Қазақстанда дәстүрлі қолөнер мен ұлттық өнерді дамытуға бағытталған гранттық бағдарламаға өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Креативті индустрияларды дамыту қоры жүзеге асырып жатқан "Халық қолөнері және бейнелеу өнері мектебі" жобасы аясында қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант бөлінеді.

Бағдарлама ұлттық қолөнердің сирек кездесетін және ұмытылып бара жатқан түрлерін сақтауға, шеберлердің тәжірибесін жас буынға насихаттауға және креативті индустрияның дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Грант иегерлері арнайы білім беру бағдарламаларына қатысып, оқушылар мен жастарға арналған шеберлік сағаттары мен тәжірибелік сабақтар өткізеді.

Өтінімдер 2026 жылғы 31 мамырға дейін электронды форматта қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу