Колониядағы күйеуіне есірткі бермек болған әйелдің әрекеті әшкереленді

730

Әйел психотропты заттарды кәмпитке жасырып, өткізбек болған. 

Колониядағы күйеуіне есірткі бермек болған әйелдің әрекеті әшкереленді

Алматы облысындағы қауіпсіздік жоғары ЛА-155/12 мекемесіне әйел кәмпит ішіне жасырып, есірткі кіргізбек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті колонияда 2017 жылы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған азаматтық некедегі күйеуімен кездескен. Әйел психотропты заттарды кәмпитке жасырып, өткізбек болған. 

Алайда жедел бөлім мен режим бөлімінің тексеру тобы бұл әрекетке жол бермеген.

"5 айда Алматы облысында пенитенциарлық мекемелерге ұялы телефондарды, ішімдіктерді, ақша және есірткі заттарын әкелудің 10-ға жуық фактісін анықтады", - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД басшысының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Айта кетейік, колонияға тыйым салынған заттарды әкелгендер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу