Колорадо өзенінің кебуіне климат өзгерісі себеп болып отыр

1537

Келешекте ол мүлдем құрғап кетуі мүмкін деген қауіп бар.

Колорадо өзенінің кебуіне климат өзгерісі себеп болып отыр

Колорадо университетінің ғалымдары Колорадо өзенінің таяздап жатқанының бірден-бір себебі – климат өзгерісі деп отыр. Компьютерлік модельдеу көрсеткендей, келешекте ол мүлдем құрғап кетуі мүмкін деген қауіп бар. 

Зерттеушілердің сөзінше, әсіресе өзен бассейніндегі қар жамылғысының қоры өзгеріске ұшырап отыр екен. Осы күнге дейін бассейннен өзен арнасына кеп құйылатын судың көп бөлігі буланып кетіп отырған көрінеді. 

Ғалымдар сонымен қатар өзеннің алдағы уақытта қалай өзгеріске ұшырайтынын арнайы аппаратқа түсірген. Егер де осындай тенденция жалғасатын болса, яғни температураның 1,4°C жоғарылап отыруы сақталса, су мөлшері бір жылда 11% қысқарады екен. Ал өзен мүлдем құрғап кеткен жағдайда АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы ауыл шаруашылығы саласы зардабын тартпақ. 

Университет зерттеушілері билік пен ел халқын осы мәселеге баса назар аударуға шақыруда. Олардың пікірінше, ондаған жылдардан кейін басқа өзен-көлдер де осындай жағдайға тап болып, мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Салдарынан қарапайым халық, ауыл шаруашылығы қатты зардап шегеді деп, алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу