"Көлсай көлдері", "Алтын-Емел" және "Шарын" парктерін дамытуға 14,5 млрд теңге тартылды

962

14 жарым млрд теңге. Алматы маңындағы үш ұлттық паркті дамытуға дәл осынша сомма инвестиция тартылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

"Көлсай көлдері", "Алтын-Емел" және "Шарын" парктерін дамытуға 14,5 млрд теңге тартылды

Атап айтқанда, "Көлсай көлдері", "Алтын-Емел" және "Шарынның" кейбір жерлері жекенің қолына ұзақ мерзімге, яғни 49 жылға дейін жалға берілді. Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. Сөздерінше, бұл туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жасалған. Конкурсқа 6 өтінім түскен. Соның үшеуі жеңіп, тұжырымдамаларының тұсаукесері өткізілді. Онда ең бастысы – жаяу туристерге мән берілмек. Яғни, туристік маршруттар реттеліп, соқпақтар жаңа кейіпке енеді. Сондай-ақ, бірнеше түрлі орталықтар да ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу