"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілікті

873

"Көлсай көлдері" ұлттық паркіндегі фототұзаққа тағы да қар барысы түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілікті

Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ "Қызыл кітапқа” енген  (Uncia uncia Schreber, 1775) жыртқышты бірнеше рет тіркеген.

Парк ақпаратына сүйенсек, аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны өзгермеген. Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде 7 мыңнан аспайды.

Фототұзақ - жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу