Көлсай көлдеріндегі өрт сөндірілді

434

Өрттің алдын ала себебі - найзағайдың түсуі. 

Көлсай көлдеріндегі өрт сөндірілді Фото: ҚР ТЖМ

2023 жылғы 24 маусымда сағат 22.10-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Алматы облысы Кеген ауданындағы Көлсай көлдері орамдарының бірінде алдын ала ауданы 0,08 га орманның төменгі бөлігінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер орманның төменгі бөлігі бықсып жанып жатқанын анықтады.

Өртті сөндіруге барлығы ТЖ департаментінен, "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен, орман шаруашылығынан, "Жалаңаш" шекара бөлімінен, ЖАО өрт сөндіру бекеттерінен, Кеген ауданының әкімдігінен, аудандық полиция бөлімінен, медициналық қызметтен, ветеринарлық бөлімнен 128 адам, 23 бірлік техника жұмылдырылды.

Жұмылдырылған күштер мен құралдардың арқасында Көлсай көлдерінде орын алған өрт  0,08 га алаңда  сағат 07.53-те оқшауланып, сағат 11.45-те жедел түрде сөндірілді.

Оқиға орнында қарауылдау үшін орман шаруашылығының 11 қызметкері қалды.

Өртті сөндіру жұмыстары аспалы орман бүріккіштерінің көмегімен жүргізілді. Сонымен қатар өрттің жиегін топырақпен жабу жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу