Көлсай көлдеріне келіп қонған тікұшақ туристерді шаңға бөктірді

208

"Қорғаныс минмистрлігінің тікұшағы қонатын жер таппағандай дүкендер мен дәмханалар орналасқан төңірекке қонуға әрекеттенді".

Көлсай көлдеріне келіп қонған тікұшақ туристерді шаңға бөктірді Фото: Бейнежазбадан

Күтпеген жерден Көлсай көлдері төңірегіне келіп қонған тікұшақтың видеосын Facebook парақшасына Саби Байбусинов жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Автордың жазуынша, ұшу аппараты қонам дегенше айналаның бәрі шаңға көміліп, тамақтанып отырған туристерге ұсақ тастар шашырап, тіпті бір сауда нүктесінің павильоны зақымдалған.

"Қатты ашулымын. Қазір Көлсайдамын. Тамақтануға келгеніміз сол еді, Қорғаныс минмистрлігінің тікұшағы қонатын жер таппағандай дүкендер мен дәмханалар орналасқан төңірекке қонуға әрекеттенді. Бұл мезгілде туристер тамақ ішіп отырған болатын. Айналаны шаң басып кетті. Тіпті демалуға келген шетелдік туристердің төбесіне жәй түскендей болды. Бет-ауыздарына шаң қонып, әбігерге түсті. Өз еліміз туралы осындай естеліктер сыйлағанымыз өкінішті", - деп жазды автор.

Ашуға булыққан бейнежазба авторы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сұрау салғанын жазып, түсініктеме беруін талап еткен. Оның пікірінше, бұл қауіпті жағдай. Транспорт болғандықтан көпшілік адам демалатын орыннан тыс жерде қону айлағы болуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу