Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік таудан төмен қарай құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.
– Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу