Бұл туралы inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Инспекторлар оқиғаның куәсі болмағандықтан және оқиға орнында тиісті акт толтырылмағандықтан, Telegram негізін қалаушыны айыппұлмен жазалау жоспарланбайтыны туралы хабарлаған.
Соған қарамастан, учаскеге тиісінше бақылау жүргізбеген (шомылуға жол берген) жауапты қызметкерлерге қатысты тәртіптік шаралар қолданылмақ.
Айта кетейік, Дуров өткен аптада Астанадағы Digital Bridge форумына қатысу үшін Қазақстанға келді. Онда ол басқа нәрселермен қатар Telegram хабар алмасу қосымшасы жасанды интеллект пен блокчейн саласындағы жобаны жүзеге асыру үшін елімізде суперкомпьютердің есептеу қуатын пайдалануды жоспарлап отырғанын хабарлады.