Көлсайда суға түскен Павел Дуров қандай жаза арқалауы мүмкін?

366

Көлсай ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады.

Көлсайда суға түскен Павел Дуров қандай жаза арқалауы мүмкін? Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ІІМ-де өткен Үкімет сағатының кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Спикер Көлсай ерекше қорғалатын табиғи аумақ екенін, бұл мәселе Экология министрлігінің құзыретіне кіретінін еске салды. 

"Біз тиісті материалды тіркедік және оны жібердік. Қазір олар бұл мәселені қарастырып жатыр", – деді Алексей Милюк.

Оның сөзінше, әртүрлі жауапкершілік көзделген.

 "Бұл істі қалай сараптайтынына байланысты. Қателеспесем, ескерту түрінде болса 10 АЕК. Құқықбұзушылықтың құрамына байланысты", – деп түсіндірді Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін Көлсайда суға түскен Дуров айыппұл төлемейінін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу