Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэлья АҚШ президенті Дональд Трамптан колумбиялық тауарларға салынған жоғары баж салығын уақытша тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report басылымына сілтеме жасап.
Де ла Эсприэльяның айтуынша, жер сілкінісінің салдарынан қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерді қолдау үшін баж салығын уақытша тоқтату қажет.
Колумбия президенті АҚШ-тың көрсеткен қаржылай қолдауы мен гуманитарлық көмегі үшін Трампқа алғыс айтты. Өз кезегінде АҚШ президенті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Колумбия халқына қолдау білдірді.
"Бүгінде Колумбия мен АҚШ арасындағы одақ елімізді қалпына келтіру үшін бұрынғыдан да маңызды", – деді де ла Эсприэлья.