Колумбия президентінің жемқорлық ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

411

Иван Дукеге 2018 жылғы президенттік сайлау барысында дауыс сатып алды деген айып тағылып отыр. 

Колумбия президентінің жемқорлық ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

Колумбияның өкілдер палатасы мемлекет басшысына қатысты тергеу жұмысын бастады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Тергеудің басталуына сенатор Аида Мерланоның мәлімдемесі түрткі болған. Яғни Мерлано қазіргі президенттің саяси додада жеңіске жету үшін заңсыз әрекеттерге барғанын Колумбияның бас прокуратурасы мен жоғарғы сотына айтыпты. 

Ресми деректерге сүйенсек, сенатордың өзі сайлауда дауыс сатып алғаны және заңсыз түрде қару-жарақ сақтағаны үшін 15 жылға сотталған болатын. Істі болған ол әуел баста Венесуэлаға қашып кеткен еді, бірақ көп ұзамай құқық қорғаушылары оны қолға түсірді. Айтуынша, үкіметтің бұйрығымен оған қоқан-лоққы жасалып, тіпті қазіргі режимдегілер оны өлтірмек болған екен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу