Колумбия тау опырылып 14 адам көз жұмды

339

Тағы 20-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Колумбия тау опырылып 14 адам көз жұмды Фото: armenpress.am

Колумбияның орталығында тау топырағының құлауы салдарынан кемінде 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Associated Press басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Кудинамарка департаментінің губернаторы Николас Гарсиа Бустос Twitter-де мәлім еткен.

"Бүгінгі таңда оқиға орнынан 14 адамның денесі табылды, 6 адам тірі табылып, медициналық мекемелерге жеткізілді", - деп жазды ол.

Құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

Белгілі болғандай, тағы 20-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Айта кетсек, бірнеше күн қатарынан толассыз жауған нөсер жауын салдарынан тау жыныстары қозғалып, соның соның салдарынан жергілікті өзендер арнасынан асып кеткен. Топырақ көшкіні Наранхал ауылында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу