Колумбияда 19 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті

954

Колумбияда  19 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті

Колумбияда лай көшкіні жүріп, 9 адам ажал құшты. Тағы 19 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды khabar.kz.

Табиғи апаттан елдің оңтүстік-шығысындағы Коринто муниципалитеті жапа шеккен. Мұнда ұзақ уақыт бойы жауын тоқтамай тұр. Мамандар жаңа көшкін жүру қаупі барын ескертеді. Сондықтан мыңдаған тұрғын баспанасын тастап, уақытша орталыққа көшірілген. 40-қа жуық үй толық қирап қалды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына полицейлер, әскерилер мен еріктілер тобы тартылған. Үйінділерді аршуға ауыр техника жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу