Колумбияда апатқа ұшыраған ұшақтың екі қара жәшігі де табылды.
Бұл туралы осы елдің Азаматтық авиация басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды 24 Хабар.
Қазір оқиға орнындағы іздестіру-құтқару операциясы аяқталған.
Айта кеткен жөн, кеше мемлекеттің солтүстік-батысында бразилиялық "Шапекоэнсе" футбол клубының ойыншылары мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Былғары доп шеберлері Оңтүстік Америка Кубогының ақтық ойынына ұшып бара жатқан.
Нақтыланған мәлімет бойынша, әуе кемесінің бортында бұрын хабарланғандай 81 емес, 77 адам отырған екен. Олардың тек алтауы ғана тірі қалды.
Алдын ала мәлімет бойынша апатқа жанармайдың таусылуы себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайдан кейін Бразилияда 3 күндік аза тұту жарияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу