Колумбияда дрон тікұшаққа шабуыл жасап, 12 адам қаза тапты

190

Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Колумбияда дрон тікұшаққа шабуыл жасап, 12 адам қаза тапты Фото: www.globallookpress.com

Колумбияның Антиокия департаментінде полиция тікұшағы құлап, 17 құқық қорғаушының 12-сі қаза тапты, тағы 5-еуі жарақат алды. 

Қайғылы оқиға Амалфи муниципалитетінің ауылдық аумағында болған. Алдын ала деректер бойынша, тікұшақ пилотсыз ұшу аппаратының шабуылы салдарынан құлаған.

Антиокия губернаторы Андрес Хулиан Рендонның айтуынша, қаза тапқан тікұшақ кока плантацияларын жою шараларына қатысқан арнайы топты күзетумен айналысқан. 

Билік бұл қастандықты бұрынғы "Колумбияның қарулы революциялық күштері" (FARC) ұйымының тармақтарымен байланысы бар Estado Mayor Central (ЕМС) құрылымының 36-фронты ұйымдастырған болуы мүмкін деп отыр.

Қазір аймақта қауіпсіздік күштері оқиғаның толық мән-жайын анықтап, қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу